Салық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен диалогты күшейтіп келеді
Қазақстанның Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін енгізу мен басқару ісін цифрлы экожүйенің аясында дамыту бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр. Айталық, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ақмола облысының халқымен кездесіп, негізгі өзгерістерді түсіндіре келе азаматтардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Ведомство биыл күшіне енген ауқымды салық реформасын бірізді түрде іске асырып келеді. Оның негізгі міндеті — бизнеске әкімшілік жүктемені төмендететін әрі нарықтың адал қатысушыларына тең жағдай беретін ашық, болжамды және сервиске бағдарланған салық жүйесін қалыптастыру.
Аталған реформаға сәйкес фискалды тәсілден салықты басқарудың сервистік моделіне көшу көзделіп отыр. Оның негізінде – процестерді цифрландыру,










